Қатаң заң: Ашық киінгеніңіз үшін қамауға алады - на travel.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на travel.bugin.kz Қаракөз Амантай

Шетелге сапарлайтын қазақстандыққа қажет мәлімет

Шетелге саяхаттауды жоспарлап жүрсеңіз баратын еліңіздің жергілікті заңымен таныс болғаныңыз жөн. Себебі сізге қарапайым болып көрінетін іс-әрекеттің жазасы ауыр болуы мүмкін. Ендеше туристерге арналған заңға назар аударыңыз.

1. Тайланд


Егер жағажайда қабыршақтарды жинауға әуес болсаңыз, бұл әдетіңізді Тайландта қайталамағаныңыз жөн. Себебі мұндай әрекет заңға қайшы, яғни түрмеге бірден отырғызады.  Мәселен, жергілікті саудагерлерден теңіз сувенирін сатып алған туристер белгілі бір мерзімге қамауға алынады. Сонымен қатар жоғары мөлшерде айыппұл салынады.

Тайландта теңіз қабыршақтарын жинауға ғана емес, сонымен қатар балықтарды азықтандыруға да болмайды. Мұндай құқық бұзушылық үшін 1 жылға бас бостандығыңыздан айырады. Тек дипломатиялық қызметкерлердің көмегіне жүгіну арқылы жазаны жеңілдетуге болады.

Ал карта ойнау үлкен қылмыс болып саналады. 1935 жылы Тайландтың Жергілікті Заңы 120-дан астам ойын карталарын ұстауға тыйым салған.

2. Австралия


Австралияда адамдармен сөйлесу барысында сөйлеген сөзіңізге мән беріңіз, барынша ұстамды болыңыз. Тіпті қалжыңдап, адамның көңіліне тиетін балағат сөз айтуға тиым салынады. Квинсленд және Виктория Штатындағы қоғамдық орындарда айтылған балағат сөздер үшін 6 айға дейінгі мерзімде қамауға алады.

3. Сингапур


"Олар кофе үшін немесе тегін Wi-Fi үшін келетініне сенімдімін".

Сингапурда Wi-Fi желілеріне қосылу кезінде өте мұқият болыңыз. Егер интернет иесінің рұқсатынсыз Wi-Fi-ға қосылатын болсаңыз, жергілікті заң бойынша жазаға тартыласыз. Себебі жергілікті заңд бойынша бұл хакерлік шабуыл болып есептеледі. Мұндай құқық бұзушылық үшін 3 жыл көлемінде бас бостандығыңыздан айырыласыз.

4. Жапония


Жапонияға жол тартсаңыз өзіңізбен міндетті түрде жеке куәлігіңіз болсын. Сізді жол-жөнекей тәртіп сақшылары тоқтатқан жағдайда, құжатыңыз болмаса, онда заң бойынша 23 тәулікке дейінгі мерзімде қамауға алады.

Сонымен қатар саяхаттау барысында апаратын дәрілеріңізге де өте мұқият болыңыз. Жапонияда тыйым салынған медициналық препараттар мен дәрілер саны көп. Тіпті, суық тию мен тұмауға қарсы дәрілер де заңға қайшы болуы мүмкін. Сол себепті алдын ала анықтап, барғаныңыз жөн болады.

5. Греция


Дұрыс демалуды жоспарласаңыз, Грецияның тәртібіне де бағынуыңызға тура келеді. Грецияда көңіл көтеретін кештер мен конкурстарға қатыспағаныңыз жөн.  Түнгі клубта тым ашық киініп, тәртіпті бұзған жағдайда 8 айға қамауға алады немесе жоғары мөлшерде айыппұл төлеуіңізге тура келеді.

6. Дубай


Егер сіз БАӘ-не саяхатқа шықсаңыз, әуежайда өте мұқият болыңыз. Кез келген ұсақ-түйек үшін қамауға алуы мүмкін. Дубайға ұшып келген Швейцария азаматы ұқыпсыздығынан 4 жылға түрмеге қамалды. Себебі оның киімінде Хитроу әуежайында жеген бөлкеден 3 көкнәр (мак) дәндері табылды. Көкнәр есірткінің қатарына жатады. 

7. Сауд Арабиясы


Сауд Арабиясы әлемде ең қатал заңдарымен ерекшеленеді. Мұнда тіпті, заманауи биді билесеңіз түрмеге қамайды.

Сауд Арабиясы үкіметі, сонымен бірге Рамазан уақытында қоғамдық орындарда сусын ішетін әрбір шетелдікті тұтқындайды.

8. АҚШ


Флорида штаты, Форт-Лодердейл қалашығында үйсіздерді тамақтандыруға тыйым салынады. Жергілікті шіркеуден келген 90 жасар дін қызметкері көшеде мұқтаж адамдарға тамақ дайындап, таратқаны үшін 2 айға қамауға алынды. Қайырымдылықпен қала әкімшілігінің рұқсатын алғаннан кейін айналасуға болады.

Ал сіз басқа елдердің қандай ерекше заңдарын білесіз?


0 Пікір Кіру