Әлемнің ең бай 30 елі - на travel.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на travel.bugin.kz Қаракөз Амантай

Әлемнің ең бай елдерінің рейтингі

Жер көлемінің кіші болуы кей елдерге әлемде бай болуға кедергі келтірмейді. Бұл тізімде олар басымдық танытты. Осы жылдың рейтингін құру үшін ХВҚ деректері пайдаланылды.

Тізімді жасау кезінде елдің әрбір тұрғынының жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) үлесі және оны сатып алу көрсеткіші ескерілді. Ал екінші көрсеткіште (ПОҚ) әртүрлі елдердегі өмір сүру деңгейі мен құны, сонымен қатар инфляция қарқыны ескеріледі.

Шағын елдер арасында ондаған жеңімпаз көш бастап тұр. Тізімдегі елдердің жартысы еуропалық аумаққа тиесілі.

Жапония


Жапония ЖІӨ 38 893 $ көрсеткішімен соңғы сатыда тұр.

Финляндия


Финляндияда бұл көрсеткіш 41 812 $

Франция


Францияда бұл көрсеткіш 42 384 $ құрайды.

Ұлыбритания


Алайда оны Ұлыбритания басып озды– 42 513 $.

Оман


Келесі тізімде Оман тұр. Араб түбегі мемлекеті 43 737 $ көрстекішіне жетті.

Бельгия


44 881 $ нәтижеге Бельгия қол жеткізді

Канада


Канаданың әрбір тұрғынының жан басына шаққандағы  жалпы өнімі 46 239 $ болды.

Дания


Данияның ЖІӨ бойынша көрсеткіші 46 602 $ құрады.

Тайвань


Тайвандағы көрстекіш 47 790 $ - ға жақындады.

Австрия


Австрия 47 856 $-ға жетті.

Исландия


ХВҚ мәліметтері бойынша, Исландия осы рейтингте 48 070 $-ды құрап 20-шы орында тұр. Бұл Жапония көрсеткіші бойынша он мың долларға жуық.

Германия


Бұдан кейін Германия (48 189 $). Бұл ел ЖІӨ өндірісі бойынша көш бастап тұр.

Австралия


Австралия көрсеткіші Германияны сәл басып озады – 48 806 $.

Швеция


Содан кейін Швеция – 49 678 $.

Бахрейн


Парсы шығанағының 30-дан астам аралын алып жатқан елдің ЖІӨ 50 302 $ көрсеткішіне жетті.

Нидерланды


Нидерландыда бұл көрсеткіш 50 846 $тең.

Сауд Арабиясы


Сауд Арабиясының көрсеткіші 54 078 $ құрайды.

Америка Құрама Штаттары


Ал Сауд Арабиясын басып озған Құрама Штаттардың жалпы ішкі өнімі 57 293 $ құрады.

Гонконг


Гонконгта ЖІӨ көрсеткіші 58 094 $құрады.

Швейцария


Швейцарияда 59 375 $.

Сан-Марино


Сан-Марино, барлық жағынан Италиямен қоршалған-өте кішкентай мемлекет. ЖІӨ көрсеткіші 64 443 $-ға жетіп отыр.

Біріккен Араб Әмірлігі


Біріккен Араб Әмірлігі үшін бұл мән 67 696 $-ға тең.

Норвегия


Норвегия бұл салада айтарлықтай көрсеткішке жетті, яғни 69 296 $.

Ирландия


Ирландия 69 374$ құрады.

Кувейт


Бұдан әрі Кувейт 71 263$ құрайды.

Бруней


Азияда орналасқан кішкентай Бруней 5-ші орынды алады (79 710 $).
Сингапур


Сингапурдың жалпы ішкі өнімі– 87 082 $.

Макао


Қытай әкімшілік ауданы бола отырып, Макаоның ІЖӨ 96 147 $-ды құрап, 3-ші орынға ие болды.

Люксембург


Екінші орын Люксембургке тиесілі (101 936 $).

Катар


Осы рейтингтің көшбасшысы Катар, ол өзінің барлық қарсыластарынан озып шықты. ЖІӨ 129 726 $-ға тең.


0 Пікір Кіру