Түркияда визасыз жүру уақыты 90 күнге ұзарды  - на travel.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на travel.bugin.kz Марғұлан Ақан

Қазақстан азаматтары үшін жеңілдік

Түркия елі қазақстан азаматтары үшін визасыз жүру мерзімін 30 күннен 90 күнге ұзартып отыр,деп хабарлайды Bugin.kz


"Түркия басшысының 2018 жылғы 10 қарашадағы жарлығына сəйкес, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бұдан былай Түркия Республикасында визасыз 90 күн бола алады. Бұрынғы 30 күндік визасыз жүру күндері үш есе ұзартылды" дейді Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі.

Аталған жаңа виза жүйесі бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ливия азаматтарына Түркия жеңілдік жасап отыр. Ақпарат газет бетінде жарық көрді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қаулысымен Ресми газетте орын алған 326 нөмірлі шешіммен 12 жасқа толмаған және 65 жастан үлкен жалпыға тән паспорт қолданған Ливия азаматтарына виза жеңілдігі жасалады. Түркияға туризм мақсатты әр 180 күндік мерзімдерде келушілер көптегенде 90 күндік тұру мерзімімен виза жеңілдігінен пайдалана алады.

Ресми газетте 327 нөмірлі жарияланымында президенттің қаулысымен Қазақстанның жалпыға тән ресми паспорт қолданған азаматтары мен Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының Түркияға саяхаттарында әр 180 күндік келулерінде 90 күндік тұру мерзімінен аспайтындай 30 күнге берілген тұру мерзімі 90 күнгеге ұзартылды.

 

 

0 Пікір Кіру