Инженер-синоптик: Қазақстанға қатты аяз келе жатыр - на travel.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на travel.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қазақстанға қысқа мерзімді жылынудан кейін суық келеді

Күздің соңғы айының басы қысқа ұқсас болады. Бұл туралы "Қазгидрометтің" инженер-синоптигі Айнұр Қайыңбаева айтты.

"Өткен демалыс күндері жауын-шашынға қарамастан ауа райы жылы болды. Температура оңтүстік-шығыс пен шығыста 14 градусқа дейін жылынды. Алайда Ресейдің орталық аудандарынан жылжыған циклон және онымен байланысты атомосфералық фронттар қазірдің өзінде Қазақстанның солтүстік облыстарына жауын-шашын әкелді", — деді Қайыңбаева.

Оның айтуынша, алдағы уақытта суық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, батыс және солтүстік-батыста қатты жел соғады.

"Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қарға ұласатын жаңбыр жауады, таулы және тау бөктері аудандарында 31 қазанда және 1 қарашада жауын-шашын қатты жауады, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында күн суытады", — деп толықтырды синоптик.

Астанада 30 қазанда көшпелі бұл шығып, жауын-шашын түседі, қар жаууы мүмкін, күндіз көктайғақ болады, оңтүстік батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. 31 қазанда көшпелі бұлт шығып, түнде қар жауып, бұрқасын болады, солтүстік батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 5-7, күндіз 2-4 градус аяз болады. 1 қарашада көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз қар жауады, бұрқасындатады, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде 7-9, күндіз 1-3 градус аяз болады.

Дереккөз: sputniknews.kz

0 Пікір Кіру