Әлемдегі ең бай және ең кедей құрлық - на travel.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на travel.bugin.kz Марғұлан Ақан

Не үшін?

Африка. Көз алдымызға тек кедей елдерде өмір сүретін, жалаң аяқ көше кезіп жүрген қара нәсілді адамдар елестейді. Түрлі вирустардың пайда болу ошағы осы жерде. Жыл сайын аштық пен таза судың тапшылығынан қырылып қалатын халық та осы құрлықта. Тек айтса сенбейтін бір дерек, Африка – әлемдегі ең бай және ең кедей құрлық.

Егер Африканың табиғи байлығын есептейтін болсақ, құрлықтағы жердің қазба байлықтары әлемдегі барлық қазба байлықтың 30% алып жатыр. Оның ішінде: мұнай, уран, алтын, алмас, кобальт, боксит, темір рудалар және тағы басқалары жетіп артылады. Тек қазба байлық жағынан емес, жабайы табиғатымен де, биологиялық жақтан сирек кездесетін өсімдіктерімен де ерекшеленеді.

Шындыққа тура қарасақ, Африкадан Еуропаға қоныс аудартындардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Әсіресе Германия, Ұлыбритания және Франция секілді елдердің өзінде эмиграция толқыны толастар емес. Саналы түрде: «Неге бай құрлықта тұрып, жергілікті халық Еуропаға бет алады?» деген сұрақ туындайды. Жауапты сарапшылар бір ауыздан былай деп береді: «Еуропадағы алып компаниялар мен үлкен ақша ұстап отырған тұлғалар немесе белгілі бір мүдделер, Африкадағы байлықты игеріп қана қоймай, жекеменшікке айналдыру үшін, өздерін бай көрсетіп, Африканы кедей құрлық ретінде суреттеп, барынша жергілікті халықты жан-жаққа шашыртауға тырысады».

Жыл сайын Африканы кедейліктен азат ету үшін түрлі акциялар мен форумдар және үлкен талқылаулар ұйымдастырылады. Алайда, олардың шешуге апаратын мәселесі, Африканы таза сумен қамтамасыз ету немесе барынша сол құрлықтан жергілікті халықты жан-жаққа эмиграциялаумен шектеледі. Әлі де болса жабайы әлемде өмір сүріп жатқан халықтың өз жеріндегі байлығын өндіруге және оны сыртқа сатуға қауқары болған кезде, біз танып жүрген Африка мұндай болмас еді.

Африканы құтқару – өздеріне тиесілі қазба байлықтарын өздеріне беру және игеруге көмектесу. Көмек үшін алған пайданың өзі жетіп артылады. Ал әлем оның қазба байлығын бітеу жұтқанды қалап отыр.

0 Пікір Кіру