Жұмбақ Ақмешіт - на travel.bugin.kz
Гүлмира - на travel.bugin.kz Гүлмира

Құпия мекен

Оңтүстік Қазақстан емдеуге қабілетті қасиетті жерлермен, азап шеккендерге үйлесім мен үміт сыйлайды. Бұл жерлерде қандай да бір құпия және ғаламат күш бар деп айтуға болады. Соның бірі - Түркістан облысының Кеңесбөбе ауылынан бес шақырым жердегі Ақмешіт үңгірі.

Ақмешіт үңгірі туралы аңыздар өте көп. Солардың бірі - Батыр Есіркеп Қойгелді есімімен байланысты, Жоңғарларға қарсы ұрыста ауа-райының жаңбырлы  болуы себепті,10 мыңнан астам жауынгер үңгірді паналайды. Сол кезде сарбаздардың бірі үңгірді батыр Есіркептің атымен атауды ұсынады. Бірақ та бұл бастаманы батыр қолдамайды.

«Қаратау тауларының осы бөктері  біз үшін және біздің жылқыларымыз үшін баспана болды. Мұнда біз намазды орындадық.Қарлы  ақ  үңгірдің өзі ұмытылмас әсер қалдырады, бұл оның күші, сондықтан оны« Ақмешіт »деп атаймын», - дейді батыр бабамыз.Содан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан аңыз бойынша «Ақ мешіт» деп аталып келеді.Сонымен қатар үңгірдің қай ғасырда  қалыптасқандығы жайлы дәл деректер жоқ.

1973 жылы оны зерттеген Мәскеу геологтары метеорит құлағаннан кейін Ақмешіт пайда болды деп болжады. Ал,тариxшылар үңгірде  қалыптасқан тастар Энеолит дәуіріне жатады деп пайымдайды.

Қазір Ақмешіт - Орталық Азиядағы ең ірі үңгірлердің бірі.

Қонақтарды таңғажайып көрініспен тосатын орын жоғарыда  орналасқан. Жоғарыдан үңгірдің ауданы 200 шаршы метрді құрайды.Егер сіз арнайы металл сатыменен болсаңыз   10-12 метр төмен түсесіз.Үңгірдің биіктігі 32-35 метр, ұзындығы 162 метр, ені 64 метр. Күн сәулесі сізді үңгірдің  батыс бөлігіне  қарай апарады.Үңгірдің  ортасында тұт ағаштары өседі, олар сіздің көзіңізге  орманды алқапта өсіп тұрғандай әсер етеді. Тағы да таңғажайып ерекшеліктердің бірі - жыл бойы температура 18-20 градусқа жылы болады  екен.

78 жастағы Асқар Рүстембеков 20 жылдан бері қасиетті үңгірге  келген қонақтардың жол серігі. Оның әңгімелеріне сәйкес, үңгір бұрын қазіргіге қарағанда үлкен болған көрінеді. «Балалық шақта ауылдың жігіттерімен  жиі осында келуші едік, үңгірдің акустикасы бірегей: сіз бір бұрышта дауыстап сөйлеп тұрғаныңызбен, екіншң бұрыштағы адамдар ештеңе естімейді», - дейді ол. Ақсақал қонақтарды сүйемелдеуден бұрын, қауіпсіздік туралы нұсқау береді екен.Әрбір қонақ келгенде олардың басына тас құлап кетпеуі үшін дұға ететін көрінеді.Одан басқа   қауіпсіздік үшін әрқайсысына арнайы дулыға беріліп, содан кейін ғана осы керемет орын туралы әңгіме өрбиді.Кейбіреулер ақсақалдан  бата сұрайды екен..

«Негізінен мұнда келген адамдар  тылсым  күшті сезінеді.«Біреулер  қан қысымдарының бір қалыпқа келгенін байқайды.Және де әрбір қонақ  жағымсыз энергиядан  арылғанын жеткізеді деп жауап берді- Асқар Рүстембеков.Арнайы зерттеулер нәтижесінде үңгірде өткізген 15 мин ғана қан қысымы  шыныменде қалыпқа келтіретіндігі расталды.

Жергілікті тұрғындардың әңгімелеріне сәйкес, жыл сайын  Ақмешіт үңгіріне келген қонақтар саны артып келеді, бірақ туристер саны туралы нақты мәліметтер жоқ.Экологиялық орталықтың алдын-ала мәліметтері бойынша, жыл сайын жүз мыңға жуық адам үңгірге түседі - олардың көпшілігі қазақстандықтар.Оған қоса Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан xалқыда біршама қызығушылық танытыпты.

0 Пікір Кіру