Travel Almaty - на travel.bugin.kz
Лайла - на travel.bugin.kz Лайла

Қаланың табиғаты мен экологиясы (туристік мүмкіндіктері)

Кең сахараны алып жатқан ен дала, сонау Алатау тауымен  бірге алып-алып жазықтарды қамтыған кең қазақ елі...

Талай-талай тарихи ақтаңдақтарды бастан кешірсе де елінің ертеңі үшін тілі, діні, ұлттық намысы үшін күрескен  жауынгерлер қаны осы жерде төгілді емес пе? Осыған қарамастан бүгінде тәуелсіз Қазақстан Республикасы әлем танып, егемендігін алпауыт мемлекеттер мойындаған елге айналып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көрші елдермен терезесі тең, керегесі кең тарқалған ордаға айналуымызға жағдай жасағаны үшін барша қалың жұртшылық  алғысын білдіреді.

Ел ордасына айналып отырған Астана қаласымен қатар күн сайын гүлдей жайнап отырған, көркі көз жауын алатын әсем Алматымызды ұмыт қалдырмағанымыз абзал.Заңғар Алатау баурайында орналасқан бұл қала-аспанмен үндескен тауларымен қатар, самал желдей ескен көк майсамен аңқыған  жұпар иісімен қалың жұртшылықты өзіне ынтықтырары анық.

Көптің назарын өзіне аударған Алматы қаласының табиғатын сипаттауға сөз қоры жетіспейді десе, артық кетпесіміз анық. Өзінің кең тарихымен, дара тұлғаларымен танылған бұл қала табиғаттың сыйын алса керек.Кең ауқымдылықта орналасқан бұл ғажап әсемдікке кез келген адам баласы бас иері сөзсіз деп ойлаймын.

Әлем мойындаған елдердегі туристік орындардан біздің Алматымыз қапы қалмасы анық. Табиғаты тылсым  көрікке толған Жетісу жерін заманымызды асқан ұлы ақындарымыз талай жырлады емес пе? Өзінің сұлулығымен адам арманын одан алысқа жетелей түседі, қолының алақанын кең ашып еркелей береді... 

Үлкен белестерді асып, талай-талай тарихты бағындырған қала, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерсе де күні бүгінге дейін, Алатауы айқарыла ашылып  "кел " деп қарсы алса, Көктөбесі жайқала құшақ жаяды. Сонымен қатар барлық алматылық тұрғындар Медеу мұз айдынын көруге құмар.

Аспанмен таласқан зәулім үйлер мен әр көшедегі ғимарат Алматымның болмысын нақтылап тұрғандай сондай жарасымды. Алайда табиғаттың қайтарымы бар дегендей, бұл самал жел, әсем көше,мұнарамен таласатын үйлердің барлығы- мәңгілік емес екенін бәріміз білеміз.

Алайда соңғы кездері өз тұрғындық аумағымыз үлкен экологиялық проблемаларды бастан кешіруде, бұл әрине тұрғындарға үлкен зардап алып келуде деп ойлаймын.

Көп адамды қызықтыра бермейтін Талдықорған қаласында Арасан ауылында қысы-жазы ыстық судың тоқтаусыз ағатыны көбіңізге беймәлім. Мысалы күнделікті жылы сумен қамтылған жеке меншік ауруханаларда емдеу үшін түрлі залал құрылғыларды пайдаланып, табиғатқа кең ауқымда кесапатын тигізеді деп ойлаймын. Осы үшін Арасан ауылында курортты орын ашып, табиғат қорғаушы орнына айналғанын қалаймын. Одан бөлек түрлі шаң-тозаңдар тарқататын зауыт-фабрикалардың жөні басқа. Оардың табиғатқа зияны тимеу үшін қала тұрғындарын жергілікті тұрғындардың көбірек көгалдандырғанын қалаймын.

Егер, табиғат аялаушысы ретінде, әрбір қазақстандық өз қаласының туристік орындарын көбейтіп, экологиясын аялауға азын-аулақ үлесін тигізсе, тек қаламыз емес, кең елім Қазақстаным талай-талай ауқымды белестерді асып, кең қанат жаярына сенемін.

0 Пікір Кіру