Көкжайлаудың көпке жайылған мәселесі - на travel.bugin.kz
Айкөркем Абатқызы - на travel.bugin.kz Айкөркем Абатқызы

Көкжайлау жобасы

Халыққа жыр болған, жобасына бірнеше жыл болған «Көкжайлау жобасы». Таудың тамаша табиғаты тамсандырмай, таза ауасы жаныңды жайландырмай қоймайтын Көкжайлау тоғайы үшін халық шырылдап жүр. Бар ойлары: «Табиғатты құрдымға кетірмеу». Оған не түрткі, кім себеп? «Сохраним Кок-Жайляу», «Save Kok-Zhailau» деген тақырыптағы үндеулер халық арасында мессенджерлерде толассыз таратылуда. Осылайша, жобаға қарсы петицияға он екі мыңдаған адамның қолы жиналған.

Осы тақырып аясында Вадим Борейко журналистік зерттеу жүргізген. Оның айтуы бойынша бөлінген қаржы дұрыс есептелмеген әрі экологиялық апатқа әкеп соғуы мүмкін.

Вадим Борейко: «Алматы қаласының әкімі Б.Байбек халық алдындағы есебінде халық арасындағы сауалнаманың сілтемесі көрсетілмеген қорытындысын ұсынды: 80% курортты «қолдады», 20% «қолдамады». Кейін, Нурлан Досов фейсбук желісінде «Проверим честность акимата» слоганымен сауалнама жариялады. 8,4 алматылық дауыс берді. Қорытындысы әкімнің есебіне қарама-қайшы: 87% - қарсы, 13% - қарсы емес. Бұл қорытындыға күмән келтіру мүмкін емес».

Тәуелсіз елде халық наразылығын тудырған жобаларды жүзеге асыру әрине қисынсыз. Қара халық қана емес экологтар, географтар да өз пікірлерін айтып, қарсы шығуда. Экологтардың айтуынша: «Көкжайлау курорты кесірінен сол жердегі мекен ететін 1700 астам жан-жануарлар, 811 астам өсімдік түрі құрдымға кетпек. Әсіресе, «Қызыл кітапқа» енген 16 құс, 4 жануар, соның ішінде, қар барысы, әлемде тек қана Іле-Алатауында өсетін «Сиверс алма ағашы» секілді байлығымызды жойып алуымыз мүмкін. Сонымен қатар, географ мамандардың айтуынша, жобадағы жасанды көлдің сейсмикалық қауіпті тектоникалық жарығы бар жерге орналасуы, жер сілкінген уақытта селге айналып, күшті тасқынға әкеп соғуы мүмкін.

«Табиғатқа қаншалықты әділетті екендігін дәлелдеу қажет. Бұл істің қаншалықты үлкен екенін және бүкіл ел үшін қаншалықты маңызды екенін салыстыру қажет. Швейцарияда, мысалы, 300 шаңғы станциясы бар. Ал Қазақстан аумағында шаңғы станциясына қолайлы жер әлдеқайда көп, бірақ тек екі станция ғана бар. Қазақстан үлкен аумақтарды игеріп, табиғатқа ауыр салмақ түсірмей және оларды жоғалтпай Көкжайлау секілді станцияларды құруға мүмкіндік бере алады. Сапаға үлкен мән берілуі керек. Бұл жерде кішігірім аумақта құруға болады, бірақ өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлері болуы мүмкін. Жоба бастамас бұрын жолды қалай және қай жерде құрастыруды және табиғатка көп залал келтірмеуді ойластыру керек. Мысалы, сіз сақтау керек ағаштарды - сақтаңыз. Жануарларға да солай. Мұның барлығы жобалануы керек. Экологиямен ойын ойнауға болмайды. Бірақ экологтар бұл аумақты қорғаштағаны да қуантарлық. Бұл жауапкершілік деңгейін көтереді », - деп атап көрсетеді шетел экологы Джоан Виладомат.

 Көкжайлау жобасы сонау 2002 жылдан бастап ойластырылғанын бірі білсе, бірі білмес. Кейін 2013 жылы жаңа жоба жасақталған. Алғашқы жоба бойынша 1,5 млрд АҚШ доллары бөлініп, аумағына 300 мың шаршы метр жер қарастырылған. Құрылыс 2015 жылы электр жүргізумен басталып, мемлекеттегі экономикалық жағдайға байланысты тиісті қаржы бөлінбей, жоба тоқтатылған. Алматы қаласыны әкімінің бастамасымен бұл жоба 2017 жылы кері қолға алынып, 2018 жылы жаңа қысқартылған жоба жасалды. Бекітілген жобада бөлінген қаражат 230 мың АҚШ долларына, аумағы 21 мың шаршы метрге қысқарды. Экологтар қауіптенген жан-жануарлар мен өсімдіктердің мекенінен алшақ орналасқан. Қысы-жазы жұмыс жасайтын болашақ курорттың елімізге әкелер пайдасы ұшан теңіз.

Наиль Нуров: «Алматы қаласының көп қаланың бағына бұйырмаған артықшылығы бар – тау ішіндегі қала, осымен әлемде тек 5 қала ғана мақтана алады. Бізде қала орталығынан 30-40 минутта тау шыңына шығатын үлкен мүмкіндік бар. Көкжайлауды тау шаңғы курорты деп есептеу қателік, ол 4 мезгіл бойы жұмыс істейді».

Статистикаға сүйенсек, көршілес ресейліктер мен қытайлықтар әр жыл сайын осы секілді курорт үшін қомақты қаржы жұмсап Альпі тауына аттанып жатады. Егер біз Көкжайлау курортын іске қоссақ, еліміздегі ақсап тұрған туризм саласын да жандандырып алар едік. Біз он жыл бойы жобаны тезірек аяқтамасақ, көрші Өзбекстан осы секілді жасанды курорт ашып, пайдасын көріп отыр. Көкжайлау курортының арқасында еліміздің дамуына даңғыл жол салынып, үлкен есіктер ашылмақ.

Қазақ халқы өте қонақжай халық, алайда қонақ күтемін деп өз пайдасын ойлап көрген емес. Сол секілді, еліміз де туризм саласында тиімді жолдарын қарастырып, ірі жобаларды қолға алса, біріншіден, Алматы қаласының иммиджі көтеріледі. Екіншіден, туризм саласы дамиды. Үшіншіден, экономикаға мол қаржы құйылады.

0 Пікір Кіру