Әлемдегі ең ыстық мекен - на travel.bugin.kz
Dosbol Atazhan - на travel.bugin.kz Dosbol Atazhan

Қазақстан әлемнің ең ыстық орталығына айналмақ па?

Кіндік қаның тамып, ең тәтті балалықтың бал күндері өткен, бар несібесін өзіңе арнап азамат еткен туған жерден ыстық мекен болмас. Ең ыстық жерді ойлағанда адам жаны еш ақылға сүйенбестен жүрегімен жауап беруі содан болар. Алайда жүректі ақылға жеңдіре, сүйек пен еттен құралған тәніміз үшін әлемдегі ең ыстық мекенді ойласақ, ол жер қайда екен? 

Бұл сауалдың жауабын Гинестің рекордтар кітабы бере алар. 2005 жылғы жердің жасанды серігі жасаған зерттеу бойынша Деште-Лут шөлі жер жүзінің күн көзінен қайнаған ең ыстық аумағы екен. Жерінің беті де, үсті де 70 градустан аса қызып, адам төзгісіз қапырық қаптайды. Иран елінің бұл бөлігің мұнша ысуына Африканың тегіс құмымен салыстырғанда жердің тау қыратты, әрі сәуле қайтармайтын сұрлау болуы әсер етеді. 

Күннен келген сонша сәулені өн бойына қайырымсыз сіңіріп қайнайды да жатады. Дегенмен, ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек әлемнің ең ыстық мекені бір жерде мәңгі тоқтап қалмақ емес. Ыстық ауа ағысының бағыты өзгеруіне, адамдардың жауапсыз әрекетінің салдары ретінде озон қабатының тесіліп, климаттың ауысуына байланысты ең ыстық мекеннің нүктесі өзге жерде белгіленуі әбден мүмкін. Келешекте әлемді топан су басып, Еуразияның кіндігі Қазақстанда құрғақшылық орнауы мүмкін деген де болжам бар. Сонда қоңыржай қазақ жеріне бұл нүктенің ауыспасына кім кепіл? Естіген құлаққа ертегі сынды. Бірақ азыған Аралдың, көкті қақ жарған зымыран ұшқан Байқоңырдың мәселесін бүгін шешпесек, ертең ертегінің өңге айналып, Азия мен Еуропаның қаны бар қазақтарға Африкалық қара нәсілдің қосылуы ғажап емес. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын қастерлеп, сақтайық! 

Әлемнің ең ыстық мекені тәнімізге емес, тек жанымыз үшін Қазақстан болғай!

0 Пікір Кіру