Сеңгір орманы: атауы қайдан шыққан? - на travel.bugin.kz
Серіков Нұрболат - на travel.bugin.kz Серіков Нұрболат

Сен кір де, сен кір

Қазақтың жері қашанда киелі және тарихи жыр дастандарға толы болған. Оған дәлел тарих қойнауындағы таңбалар мен аңыз әбсаналар дәлел бола алады. Бүгінгі аңыздың жай жапсары Шығыс Қазақстан обылысындағы Тарбағатай елді мекенінде орналасқан Сеңгір орманының атауымен байланысты болмақ. 

Ауыздан ауызға дейін тарап бүгінгі күнге жеткен айтар ойлардың бір сыпырасын ауыл ақсақалдарынан естіп білдік. Мәліметтерге сүйенсек жоңғар шапқыншылығы жылдары бұл орманға ит тұмсығы батпайтын қалындығымен танымал болған деседі. Негізгі атаудың шығуына да осы Жоңғарлардың өзіндік себебі бар. Қазақ- Жоңғар соғысында қолға түспей қалған қалмақтың батырын қазақтың екі батыры айналдыра қуған деседі. Астына тау сиырын тұлпар еткен қалмақ қазақтардан қашып құтылу үшін осы орманның арасына кіріп кеткен. Қазақтың қос батыры орманның алдында тосқауылдап « сен кір де, сен кір» деп орман атауының қалай шыққанын да байқамай қалыпты. Қашқан қалмақта орман ішінде көп тосқауылдай алмаса керек, бірден қашып шығыпты. Қазақ батырының атқан оғынан тау бөктерінде қашқан қалмақ қаза тауыпты.



0 Пікір Кіру