Бағасы қолжетімді ұшақ билеттерін «Fly Arystan»  сататын болады  - на travel.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на travel.bugin.kz Марғұлан Ақан

Жақсы жаңалық

Парламент Мәжілісінде арзан әуе тасымалдаушылардың қызметіне қатысты заңнамаға түзету енгізу мәселесі қаралып жатыр.

«Мемлекет басшысының арзан әуе тасымалдаушыларын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы қазіргі уақытта әуе көлігіндегі тегін багажды және қол багажын пайдалануға байланысты өзгерістерді қарастырып жатыр. Сондай-ақ, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының көлік мәселелері бойынша заңнамалық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында балалар билетін сатып алуда жеңілдіктер ұсыну тетіктері қаралуда», - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Бұл түзетулер «Air Astana» әуе компаниясының ұсынысы бойынша жұмыс тобының жобасын талқылау кезінде көтерілген.

«Қазіргі уақытта заңнамаларды қайта қараудың түрлі нұсқалары талқыланып, халықаралық тәжірибелер легі зерттеліп жатыр. Сонымен қатар, багаж тасымалдау бойынша ерекше шарттарды бекіту амалын арзан тасымалдаушылардың рейстеріне енгізу қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша, мысалы, азық-түлігімен бірге толық пакетті ұсынатын «Эйр Астана» әуе компаниясының Астана-Алматы бағыты бойынша рейс бағасы - 20 келіге дейінгі багажды, қол жүгін тегін алып жүруге рұқсат етуімен бірге 20 мыңнан 54 мың теңгеге дейін болып отыр. Ал құрылып жатқан «Fly Arystan» арзан тасымалдаушысында билеттің құны - 20 келіге дейінгі багажсыз, тамақсыз және тегін багажсыз жоғарыда аталған билеттің орташа құнынан 2-2,5 есе төмен болады. Сонымен бірге, бұл рейстерде қол жүгін алып жүру тегін болмақ» делінген хабарламада.

Халықаралық тәжірибені талдау кезінде белгілі болғандай, арзан авиакәсіпорындардың тиімділігі жоғары.

Дереккөз: Ұлт ақпарат 

0 Пікір Кіру