2019: Шетелде білім алуға арналған ең үздік оқу бағдарламалары - на travel.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на travel.bugin.kz Қаракөз Амантай

Ал сіз қай елде оқығыңыз келеді?

Арнайы сіз үшін 2019 жылдың қыркүйегінен бастап толық шәкіртақымен оқу үшін құжаттарды тапсыруға болатын әртүрлі елдегі бағдарламалар тізімін дайындадық.

Канада

Quest университеті бакалавр студенттеріне David Strangway Award for Excellence шәкіртақысын ұсынады. Шәкіртақы оқу құны мен қосымша ай сайынғы қажеттіліктерді өтеуге жеткілікті. Құжаттарды — 2019 жылдың 1 наурызынан бастап тапсыра аласыз. 

Толығырақ: https://questu.ca/admissions/afford/scholarships/

Қытай

Аспан асты елінің кез келген университетінде оқу және тұру құнын жабатын Қытай үкіметінің шәкіртақысынан басқа, Циньдао университетінде Президенттік шәкіртақыға құжат тапсыра аласыз. Шәкіртақы магистранттарға арналған, оған оқу және тұру құны кіреді. Құжаттарды 2019 жылдың қаңтар айынан бастап қабылдайды.

Толығырақ: http://cie.qdu.edu.cn/info/1135/2131.htm

Финляндия

Кейбір еуропа елдері мен университеттері грантқа түсіп, шәкіртақы алуыңыз үшін құжаттарды кешірек тапсыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Oulu фин университеті оқу құнын толығымен жабатын шетелдік студенттерге шәкіртақаы төлейді. Шәкіртақы магистратура бағдарламасына түсушілерге арналған. Құжаттарды тапсыру мерзімі-2019 жылдың 31 қаңтары.

Толығырақ: https://www.oulu.fi/university/masters/scholarships

Германия

Германияда грантқа құжаттарды тапсыру бұрыннан бар, ал біз сіздер үшін арнайы қолжетімді нұсқаны қарастырдық. Heinrich Böll Foundation неміс шәкіртақы қоры магистратура мен бакалаврға түсушілерге арнайы шәкіртақы береді. Шәкіртақы оқу құнын жабады, сонымен қатар оған күнделікті жататын орын мен тамақтану өтемі де кіреді. Құжаттарды тапсыру мерзімі - 1 наурыз.

Толығырақ: https://www.daad.de/deutschland/stipendium/

Италия

Пицца және паста әуесқойларына Болон университетіне барып, құжаттарды тапсыруды ұсынамыз. Бакалавр және магистратураға түсушілер оқу құнын толық жабатын шәкіртақы немесе жылына 11 000 еуроға грант ұтып ала алады. Құжаттар тапсыру мерзімі-2019 жыл 30 наурыз.

Толығырақ: http://www.scholars4dev.com/11698/university-of-bologna-study-grants-for-international-students/

Нидерланды

Егер сіз магистратураға түсуді жоспарласаңыз шәкіртақы ұсынатын Utrecht университетіне құжатыңызды тапсыра аласыз. Грант оқу құнын жабады, сонымен бірге оған тұру үшін қосымша 11 000 еуро кіреді. Университетте ағылшын тілінде көптеген бағдарламалар бар. Құжаттарды тапсыру мерзімі-2019 жылдың 1 ақпаны.

Толығырақ: https://www.studyinholland.nl/study/scholarships/find-a-scholarship

Швеция

Швеция өмір сүру үшін өте қымбат ел, бірақ магистратура бағдарламасына түсушілердің барлығы Visby шәкіртақысын алуға мүмкіндігі бар. Оған оқу ақысы және тамақтану, тұратын жеріне 9 000 крон кіреді. Шәкіртақы алу Network for Future Global Leaders (NFGL) беделді қауымдастығына кіруге мүмкіндік береді. Ал бұл одан әрі ел ішінде де, бүкіл Еуропада да жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Құжаттарды 2019 жылдың ақпан айынан бастап тапсыра аласыз.

Толығырақ: https://si.se/en/apply/scholarships/visby-programme-masters/

0 Пікір Кіру